{metadescription}
Алматыда коронавирус жұқтырғандар азайды

Алматыда коронавирус жұқтырғандар азайды

Алматыда коронавирус жұқтырған 3940 науқас ем қабылдап жатыр.

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті. 6 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 957 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 912, симптомсыз – 45 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 777 , келіп түскені – 325.

«Инфекциялық стационарларда 3940 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 113 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 362 адам жатыр. Ал 58 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 149 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 170 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 8 108 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 7863 науқас. 245 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде