Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ғалымдар 30 минутта коронавирустың бар-жоғын анықтайтын құрылғы ойлап тапты
Ресейлік ғалымдар 30 минуттан аз уақыт ішінде COVID-19 вирусының ағзада бар-жоғын анықтайтын құрылғы ойлап тапты.
14:32 07.09.2021
Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлайды.
Федералды биомедициналық агенттіктің мамандары SARS-CoV-2 мутациясын жылдам бақылаудың жолын тапты, яғни коронавирустың маңызды қасиеттеріне жауап беретін геномның тек бір бөлігін «оқуды» ұсынады.
COVID-19 вирусының экспресс-диагностикасын зерттеу «ЛЭТИ» Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің микротехнология және диагностика инженерлік орталығында да жүргізілуде. Егер сынақтар сәтті өтсе, бұл Ресейдегі алғашқы тест жүйесі болады, ол патогенді небары 10 минут ішінде анықтай алады.
Чили Республикасының Үкіметі қытайлық Sinovac шығарған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 6 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат берді. Шешімді үш жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тобын вакциналау қорытындысын зерттеген сарапшылар комиссиясы қабылдады. Сарапшылар жүргізілген зерттеулер вакцинадан иммундық реакцияның жақсы нәтижесін бергенін атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram