Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодарлық көшеде адамдарға пышақ ала жүгірген
Павлодарда полицейлер көшеде тұрғындарға пышақ ала жүгірген тұрғынды ұстады.
14:53 07.09.2021
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 7 қыркүйекте сағат 11: 10-да полицияға Павлодарда Камзин көшесі, 158 үй маңында ер адам қасынан өткендерге пышақ ала жүгіргені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына патрульдік полиция батальоны бірден аттанды, олар ер адамды Қамзин көшесі, 162 үй маңынан байқаған. Ол полицейлердің ескертуіне мән бермей, керісінше, одан бетер біртүрлі қылық танытты. Балағаттап, пышағын қайта-қайта бұлғай бастаған. Полиция ер адамды батальон офицерлері ұстағанын, пышақ тәркіленгенін атап өтті.
"Павлодар қаласының 2001 жылғы тұрғынының облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Полиция жедел жәрдем бригадасын шақырып, ер адамды жедел жәрдем ауруханасына жатқызды. Ер адамның "серуені" кезінде ешкім зардап шеккен жоқ", - дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram