{metadescription}
Мектептерде хиджаб киюге бола ма? - министрлік жауап берді

Мектептерде хиджаб киюге бола ма? - министрлік жауап берді

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлім етті.

"Бұл мәселеге қатысты Ғылым және Білім министрлігні түсініктеме берген болатын. Білім министрінің 2016 жылғы бұйрығына сәйкес, мектеп формасына қойылатын талаптар, білім стандарттары бар, біздің елдің азаматтары бұл бұйрықты және жалпы алғанда біздің елдің заңдарына бағыну тиіс", - дейді ол.

Ол Конституцияда Қазақстанның зайырлы мемлекет екені нақты жазылғанын еске салды. Сонымен қатар ол діни тұрғыда ақпараттандыру және түсіндірме жұмыстары ересектер мен оқушылардың арасында қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ал мектепке баратындардың барлығы білім және ғылым министрінің бұйрығын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заң мен Конституцияны орындауы тиіс.

"Бұл заң жеке меншік және мемлекеттік мектептерге де қатысты. Стандарттар бар және олар барлық мектептерге қолданылады. Егер сізде заң бұзушылық фактілері болса, сіз аймақтардағы білім басқармасына, комитетке немесе білім министрлігіне жүгіне аласыз. Егер нақты бір жағдайлар тіркелетін болса, ол заң аясында қадағаланатын болады", - деді комитет басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде