Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Енді жеке куәлік алу үшін бажды QR-код арқылы төлеуге болады
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында төлқұжат пен жеке куәлік ресімдеген клиенттер мемлекеттік бажды QR-кодтың көмегімен төлей алады.
17:12 07.09.2021
Қазір бұл мүмкіндікті пилоттық режимде Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары пайдалана алады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы. Клиент құжат рәсімдеуге өтініш қабылдайтын көші-қон қызметі операторына жүгінген кезде, кассаға бармай-ақ, мемлекеттік бажды Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларындағы QR-төлем жүйесі арқылы төлей алады.
"Бұрын QR-кодпен жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, кондоминиум объектілері бойынша қызметтерді және жер қатынастары саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Енді кассаға кезекке тұрмай-ақ, құжаттандыру қызметінің алымдарын да төлеу мүмкіндігі бар", – деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
Айта кетері, жеке куәлік үшін мемлекеттік баж – 584 теңге, паспорт үшін 23 336 теңгені құрайды. Жеті ай ішінде қазақстандықтарға паспорт пен жеке куәлік беру бойынша 1 577 мың қызмет көрсетілді.
Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін былтыр қараша айында енгізген болатын. Бүгінде клиенттер мемлекеттік қызметтердің 146 түрін QR-код арқылы төлей алады.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram