{metadescription}
0:000:00

Жамбыл облысында көлік бір үйір жылқыны қағып кетті

Жамбыл облысында Mercedes-Benz жүргізушісі бір үйір жылқыны қағып кетті.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, жол апаты 5 қыркүйек кешке "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолының 341 шақырымында болды. Жантүршігерлік кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды. Тараздың 59 жастағы тұрғыны қалаға қарай кетіп бара жатқанда бір үйір жылқыға соғылған.

"Мерке ауылының 35 жастағы тұрғыны жолды қысқарту үшін малды жерасты өткелі арқылы емес, тас жолдың үстімен айдап өткен. Жол апаты салдарынан 12 жылқы өлді", - деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.

Жарақат алған жүргізуші Мерке аудандық ауруханасының дәрігерлеріне қаралды. Қазір бақташыға қатысты әкімшілік жаза тағайындалуда.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.