{metadescription}
Атырауда егіз балалар терезеден құлап, біреуі көз жұмды

Атырауда егіз балалар терезеден құлап, біреуі көз жұмды

Атырауда 1 жасар егіз бүлдіршіндер 3-қабаттың терезесінен құлап кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 5 қыркүйек күні Атырау қаласында болған.

«Береке» шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан 2020 жылы туған 2 баланың (егіз) терезеден құлау дерегі тіркелді. Бұл кезде екі баланың анасы жұмыста болған, ал әкесі ұйықтап жатқан. Өкінішке қарай, пәтердің терезелерінде темір тор орнатылмаған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, баланың біреуі ауруханда қайтыс болды. Ал, екіншісі ауруханада жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде