Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда жерасты өткелін су басты
Алматыдағы жаяу жүргіншілер өткелін су басты.
08:45 08.09.2021
Қала тұрғындары Абылай хан мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткелінің төбесінен су ағып жатуына байланысты шағымданды. Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметінше, 2018 жылы жерасты өткелін жөндеу барысында, оның төбесіне гидрооқшаулағыш орнатылмаған.
«Біз Абылай хан көшесіндегі арық желісінің бойымен су жібергенде, осы жерасты өткелінің төбесінің шығыс жағынан су кете бастайды. Бұл жағдай су ағыны көп мөлшерде келсе ғана болады. Сол себепті судың кетіп жатқан жерін анықтау үшін әдейі көп мөлшерде су жібереміз. Әзірге судың қайдан кетіп жатқаны белгісіз. Сондықтан судың кетіп жатқан жерін анықтап, оны жою үшін жол төсемін ашу керек секілді», - деп хабарлады Алмалы ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram