{metadescription}
2 және 5 пайыздық мөлшермен кімдер үй ала алады?

2 және 5 пайыздық мөлшермен кімдер үй ала алады?

Мемлекет басшысы Жолдауда нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес деді.

Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы банкі» оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында «бір терезе қағидаты» бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр. Осы және басқа да сауалдардың жауабын білу үшін «Отбасы банкіне» хабарласқан едік. 

Естеріңізде болса, жыл басында «Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсаттарына пайдалану қағидалары» туралы заң жобасы күшіне енген еді. Жолдауда айтылған дүние осының жалғасы ма?! Әлде жаңашылдық ене ме?

Осы бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Жұмыс процесі қалай жүретін болады? Азаматтар бума-бума қағаз жинап, жүгіріп кетпей ме деген көкейде жүрген сауалдарға жауап іздедік. 

«Биыл 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында қазақстандықтарға жеткілікті шегінен асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» депозиттерге аударуға рұқсат беруді тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шара азаматтарымыздың қаражат жинау және оларды сауатты басқару әдетін ынталандырады. Осылайша, банк клиенттері қаражат жинау мерзімін екі есе қысқартып, қоныс тойын әлдеқайда ертерек тойлай алады. Ең маңыздысы, еліміздің жас азаматтары бұл мүмкіндікті барынша ұтымды пайдалана алады. Себебі олардың жасына байланысты әзірге бастапқы жарна көлеміне немесе тұрғын үйдің толық құнында жететін жинақ қаражаты жоқ. Бұған банктің статистикасы дәлел», - делінген банк жауабында.

Бұл қаражат «Отбасы банк» және өзге де екінші деңгейлі банктерге ипотекалық несие бойынша қарызды өтеуге, тұрғын үйді ипотекасыз, яғни толық төлем жасап сатып алуға, ипотекалық тұрғын үй займын алуға, ипотекалық тұрғын үй алу үшін алғашқы жарна ретінде, жеке тұрғын үй құрылысына, сатып алу құқығымен жалға беру шарты бойынша қарыздарын өтеуге, емделуге жұмсалды.

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің басым бөлігін (46,1%) 36-45 жас аралығындағы азаматтар қолданса, 18,5 пайызын 26-35 жастағылар пайдаланды, ал 18-25 жас аралығындағы салымшылардың үлесі 0,2%.

Енді тұрғын үй сатып алуға артық қаражаты жоқ азаматтар БЖЗҚ-ғы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» депозитке салып, болашақта пәтер алу үшін жинақтай алады.

«Біржолғы зейнетақы төлемін алу үшін өтініш беру тәртібі қазіргідей, яғни enpf-otbasy.kz платформасы арқылы болады деп жоспарлануда. Қаражат салымшының БЖЗҚ шотынан «Отбасы банкіндегі» арнайы шотқа түскеннен кейін зейнетақы жинақтары банк клиентінің салымына аударылады. Оны іске асыру механизмі жылдың соңына дейін дайындалып, жүзеге асырылу үшін Отбасы банкіне тапсырылады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта банк Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен құжаттарға қажетті түзетулердің қабылдануын күтіп отыр», - деді банкте.

Дереккөз: baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде