Елордада балалар үйінен 26 млн теңге жымқырғандар анықталды
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі балалар үйінен 25,9 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады.
13:39 08.09.2021
Ведомство мәліметінше, Qamqor жедел алдын алу іс-шарасы аясында елордадағы балалар үйлерінің бірінен жетім балаларға тамақ сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу басталған.
"Тергеу нәтижесі бойынша, мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерінде көзделген рәсімдерді сақтамай, бақыланатын кәсіпорынмен азық-түлік өнімдерін жеткізуге келісімшарт жасасқанын анықтады. Оған қоса компанияның бастығы бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы екені анықталды", - делінген хабарламада.
2019-2020 жылдар кезеңінде жасалған шарттар бойынша лауазымды тұлғалар аталған компания арқылы бөлінген 130 млн. теңге бюджет қаражатынан жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген 25,9 миллион теңгені жымқырған.
"Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары