{metadescription}
Алматыда әйел қыздары мен күйеуінің көзінше көлік астына түсті

Алматыда әйел қыздары мен күйеуінің көзінше көлік астына түсті

Алматыда жолға жүгіріп шыққан әйелді көлік қағып кетті.

Дәрігерлер оның аса ауыр жағдайда ауруханаға түскенін мәлімдеді. Оқиға Рысқұлов даңғылы бойынша түн ортасында болған.

Куәгерлердің айтуынша, аялдамада ерлі-зайыпты ұрсысып қалған. Олардың жанында екі қызы болыпты. Бір уақытта әйел кілт бұрылып, жан-жағына қарамай, жолға жүгіріп шыққан. Сол кезде оны Toyota Camry көлігі қағып кеткен.

Көлік жүргізушісі жолаушы аяқ астынан шығып қалғанда не істерін білмей қалған. Рөлді басқа жаққа бұрып көрген. Бірақ үлгермеген. Нәтижесінде әйел екі баласы мен күйеуінің көзінше көліктің астына түсті. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері зардап шегушіні тексеріп, шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаға жатқызды. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жағдайы өте ауыр.

Қазіргі уақытта Алматы полициясы сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.



 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде