{metadescription}
Алдағы күндері жаңбыр және үсік болады

Алдағы күндері жаңбыр және үсік болады

Синоптиктер 9-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Циклон мен фронталь бөліктер әсерінен солтүстікте, солтүстік-шығыста жаңбыр жауып, шығыс өңірлерде нөсер болады деп күтіледі. Тек оңтүстік пен батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанған.

10 қыркүйектен бастап Солтүстік циклонның Қазақстан аумағына ығысуына байланысты еліміздің басым бөлігінде, таулы аудандарда және оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердің солтүстігінде, найзағай мен бұршақ жауу ықтималдығы бар.

"Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 3-11-ден 5-15 градусқа дейін, күндіз 15-23-тен 20-28 градусқа дейін. Солтүстік пен орталыққа келсек, түнде негізгі фон 2-13 градус болады. Ал, 9 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз 15-23-тен 10-20 градусқа дейін, шығыста түнде 2-16, күндіз 15-25 градус, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 10-18-ден 4-14 градусқа дейін, күндіз 19-30-дан 15-25 градусқа дейін жылы болады деп болжанған", - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.