Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады.
17:05 08.09.2021
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.
«Пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирус инфекциясының 220 млн-нан астам жағдайы тіркелді, өкінішке орай 4,5 млн-нан астам адам қаза болды. Қазақстанда, 8 қыркүйекте коронавирустың оң нәтижесімен 824 мыңнан астам және коронавирустың теріс нәтижесімен 71 мыңнан астам жағдайы тіркелді. КВИ-мен ауыратын науқастардың шамамен 88 пайызы, оның ішінде КВИ-ге оң нәтижемен 734 мыңнан астам науқас және КВИ-ге теріс нәтижемен 59 мыңнан астам науқас сауығып шықты», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы және елдің 12 өңірі «қызыл» аймақта орналасқан. Соңғы аптада «сары» аймаққа 4 облыс ауысты. Бұл – Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары. «Жасыл» аймақта Түркістан облысы тұр.
«Соңғы 2 аптада Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді», - деді Марат Шоранов.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram