{metadescription}
Tөтенше жағдайлар министрі адам құтқарамын деп қаза болды

Tөтенше жағдайлар министрі адам құтқарамын деп қаза болды

Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Евгений Зиничиев қызметтік міндетін орындау барысында көз жұмды.

Ресми мәліметке сәйкес, министр ведомствоаралық оқу-жаттығулары кезінде адамды құтқарамын деп қайтыс болды.

"Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Евгений Зиничевтің қызметтік міндетін орындау кезінде опат болғанын қайғырып хабарлайды. Ол арктикалық аймақта төтенше жағдайлардан қорғану бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығуға қатысып, адам өмірін құтқаруға тырысқан", - делінген ресми хабарламада.

"Россия сегодня" және RT бас редакторы Маргарита Симонян Ресей ТЖМ басшысының өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін айтты.

"Олар оператормен бірге жолдың шетінде тұрған. Бір сәтте оператор тайып, суға құлап кетті. Куәгерлер көп болатын, ешкім ойланып үлгерген жоқ. Зиничев құлаған адамның артынан суға түскенде, судан шығып тұрған тасқа соғылды. Құтқарушы деген атқа лайық қаза тапты. Жатқан жері жайлы болсын", - деп жазды ол Telegram-арнасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.