{metadescription}
Жаңа оқу жылында 421 оқушыдан коронавирус анықталды

Жаңа оқу жылында 421 оқушыдан коронавирус анықталды

Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова айтты.

«Бүгінде білім беру ұйымдарындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды бақылау ең басым бағыттардың бірі болып отыр. Оқу жылы басталғаннан бері 421 сырқаттану жағдайы тіркелді. Әрбір жағдайға орай эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Эпидемиологиялық тексерудің нәтижесінде аталған балалардың демалыс кезінде-ақ ауырғаны және коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғаны анықталды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, осыған байланыста аталған балалармен қарым-қатынаста болған 3 мыңнан астам оқушы тексеруден өтті. Тексеруден өткен оқушылардың арасында 3 баланың ғана коронавирус жұқтырғаны ПТР тест арқылы анықтады.

«Бұл жұмыс күнделікті жүргізіледі. Сырқаттану жоғары шегіне жеткен 6 тамызда елімізде 8 325 адам ауырды, оның 651-і - оқушылар. Яғни, коронавирус инфекциясының білім беру ұйымдарында таралуына жол бермеу үшін қатаң карантиндік іс-шаралар қабылданған», - деді Зәуре Ахметова.

Дереккөз: ҚазАқпарат



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде