Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Пальмада жанартаудан атқылаған лава 600-ге жуық ғимаратты қиратты
Испанияның Пальма аралында (Канар аралдарының автономды қауымдастығы) жанартаудан атқылаған лава ағындары қазірдің өзінде 600-ге жуық ғимаратты қиратты.
17:05 08.09.2021
Бұл туралы сейсенбіде Канар аралдарының Вулканологиялық институты өздерінің Twitter парақшасында жазды.
«589 ғимарат қирады, 258 га аумақты лава ағындары жауып қалды, 21 км жол бүлінді», - делінген хабарламада.
19 қыркүйекте Эль-Пасо елді мекені аумағында Пальмада жанартау атқылай бастаған. Қауіпсіздік мақсатында 6 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Әзірге ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір билік лава ағындарының Пальма жағалауына жетуін күтуде. Әзірге ол жағалаудан 800-ден 1000 метрге дейінгі қашықтықта.
Жергілікті телеарналар кадрларынан лава ағындарының мұхитқа қарай қалай баяу қозғалып бара жатқанын көруге болады. Жанартау кратерінен аса үлкен түтін бағанасы көтерілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram