{metadescription}
ШҚО-да сіріңкемен ойнаған баланың кесірінен 30 тонна пішен өртенді

ШҚО-да сіріңкемен ойнаған баланың кесірінен 30 тонна пішен өртенді

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында сіріңкемен ойнаған бала 30 тонна пішеннің өртенуіне себепкер болды.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт бүгін Глубокое ауданы Ушанов ауылында шыққан.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Белгілі болғандай, 30 тонна пішен өртенген. Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына – баланың сіріңкемен ойнауы себеп болған. Осы ретте құтқарушылар өңір жұртшылығына балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.