Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда төбелес болып, ер адам қаза тапты
Оралда түн ортасында төбелес болып, жас жігіттің денесі табылды.
10:40 11.09.2021
Орал қаласында 11 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00:08 шамасында Назарбаев даңғылының бойында төбелес болғаны туралы полицияға белгісіз азаматтан хабар түскен.
«Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, 25-30 жас шамасындағы белгісіз азаматтың денесін тапқан. Кейіннен оның 1992 жылы туған БҚО тұрғыны екендігі белгілі болды. Аса ауыр қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда», - делінген БҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құзырлы органдар қылмыс куәгерлерін Абай полиция бөліміне не болмаса 102 номеріне хабарласуды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram