{metadescription}
Риддерде көлік аударылып, 2 адам зардап шекті

Риддерде көлік аударылып, 2 адам зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында аударылған көліктен 2 адам шыға алмай қалған.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Риддер қаласындағы көшелердің бірінде болған.

«Жолда келе жатқан «УАЗ» маркалы автокөлік жүргізуші рульге ие бола алмай қалды. Көлік соның салдарынан аударылған. Салонда отырған 2 адам сыртқа шыға алмай, құтқарушыларға хабарласты. Көп ұзамай оқиға орнына ТЖД қызметкерлері келіп жеткен», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құтқарушылар оларды арнайы құралдардың көмегімен алып шықты. Зардап шеккен азаматтар жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.