Теннис: Анна Данилина Францияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Францияда өткен ITF W 25 турнирінің жеңімпазы атанды.
13:25 11.09.2021
Қазақстантеннис федерациясы мәлім еткеніндей,.Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге финалда жарыстың 3-ракеткалары, франциялықтар Одри Алби - Лиолея Жанжанмен кездесті.
Бірінші партияда тай-брейкте корт иелері үстемдік танытты - 7:6 (9:7).
Екінші сетте екі брейк жасаған қазақстандық-украиналық жұп басымдылық көрсетті - 6:2.
Супер тай-брейкте Данилина мен Страхова жеңісті жұлып алды - 10:4.
Осылайша қазақстандық теннисші жұптық сында биылғы жетінші титулына қол жеткізді. А.Данилина жекелей сында да жарысты жалғастыруда. Ол бүгін финалға шығу үшін франциялық Алиса Роббемен таласады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!