{metadescription}
Отбасының 3 мүшесі қарбыздан уланып өлді

Отбасының 3 мүшесі қарбыздан уланып өлді

Мәскеуде бір отбасының үш мүшесі қарбыздан уланып ажал құшты.

Отбасы қарбызды ірі сауда желілерінің бірінен сатып алған болып шықты. Үйде оны 15 жасар қыз бен оның анасы, әжесі жеген. Бейсенбіде қарбыз жегеннен кейін олардың денсаулығы нашарлап кеткен.

БАҚ-тың мәліметінше, жедел жәрдем екі рет шақырылған. Әйелдер екінші рет келгенде ғана ауруханаға жатқызылған. Келесі күні үшеуі де бірінен соң бірі ауруханада қайтыс болды. Отбасында қыздың әкесі ғана аман қалды. Ол қарбыз жемеген.

Полиция Ресей Қылмыстық кодексінің 238-бабы (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету) бойынша іс қозғады. Тергеушілер пәтердегі барлық тағамды тексеріп шығатыны белгілі болды.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.