{metadescription}
Маңғыстауда көлік жыраға құлап, жүргізушісі көз жұмды

Маңғыстауда көлік жыраға құлап, жүргізушісі көз жұмды

Маңғыстауда жартастан құлаған көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті хабарлайды. 8 қыркүйек күні түнгі сағат 00:10-да Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекші пультіне тұрғыннан күйеуінің жоғалып кеткені туралы қоңырау түседі. Оның айтуынша, күйеуі үйден күндіз «Opel Vectra» автокөлігімен шығып кеткен. Әйел онымен телефон арқылы сөйлескен, содан кейін күйеуі хабар-ошарсыз кеткен.

«Полиция қызметкерлері түні бойы аудан бойынша іздеу жұмыстарын жүргізді. Келесі күні таңғы сағат 09:00 шамасында учаскелік полиция инспекторлары көлікті Қызыл-Өзен ауылының маңынан тапты. Автокөлік жыраға құлап кеткені белгілі болды. Көліктің салонында жүргізуші ғана болған», - делінген басылымда.

Құлаған кездегі жарақат салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.