{metadescription}
21 жастағы жігіт колония аумағына смартфондар лақтырмақ болған

21 жастағы жігіт колония аумағына смартфондар лақтырмақ болған

Шығыс Қазақстан облысында түрме аумағына екі ұялы телефон лақтырмақ болған жігіт ұсталды.

ШҚО ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ОВ 156/2 түзету мекемесіне таяған азамат екі смартфонды қоршау арқылы ішке кіргізуге тырысты. Ол колония аумағын күзетіп жүрген қызметкерлерді байқамай қалған.

«Скотчпен оралған заттарды лақтырмақ болған кезде оны мекеме қызметкерлері ұстады. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізудің алдын алу үшін бақылау барынша күшейтілген», - деді ОВ 156/2 түзету мекемесінің бастығы Еркін Кабин.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да сотталған 80 адам жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін колонияға жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде