Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Теннис: Юлия Путинцева Словениядағы турнирді сәтті бастады
Қазақстандық, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Порторож (Словения) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты.
21:00 14.09.2021
Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путннцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған румыниялық Жаклин Кристианмен кездесті. Қазақстандық теннисші 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Ю.Путинцева 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланса, қарсыласы 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді. Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 171-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Бултермен кортқа шығады. Ол 135-сатыдағы украиналық Катарина Завацкаяны 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Жүлде қоры 190 мың АҚШ долларына жуықтайтын аталмыш дода 19 қыркүйекте мәреге жетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram