Маңғыстауда жатақханада болған өрттен көз жұмғандардың отбасыларына 5 млн теңге төленді
Маңғыстау облысында жатақханадағы өрттің салдарынан көз жұмған мұнайшылардың отбасыларына қаржылай көмек берілетін болды.
09:28 15.09.2021
Ұйым өкілдері Боранқұл кен орнында көз жұмғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"ҚазМұнайТеңіз" ТМК" ЖШС Боранқұл кен орнында өрт салдарынан мерт болған екі жұмыскердің отбасына материалдық көмек ретінде 5 млн теңге төледі. Сонымен қатар компания өзінің ішкі құжаттарына және ҚР заңнамасына сәйкес өзге де материалдық көмек көрсетті", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ қазіргі уақытта олардың асырауында болған отбасы мүшелеріне сақтандыру төлемдерін тағайындау мәселесі де пысықталуда.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында кен орнындағы жатақхана өртеніп, екі адам қаза тапқан болатын.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!