{metadescription}
Apple жаңа iPhone 13 смартфондарын таныстырды

Apple жаңа iPhone 13 смартфондарын таныстырды

14 қыркүйек, сейсенбіде Apple жаңа өнімдерінің тұсаукесер рәсімін өткізді.

Онда iPhone 13 смартфондары, i Watch Series 7 сағаттары, жаңа iPad және басқа гаджеттер таныстырылды. Apple ұйымы жаңа смартфонның төрт түрін ұсынбақ: iPhone 13 Pro Max (бағасы 1099 доллардан басталады), iPhone 13 Pro (999 доллардан басталады), iPhone 13 (799 доллардан басталады) және әлдеқайда кішірек iPhone 13 Mini (699 доллардан бастап).

"Өте берік және сенімді, су және шаң өткізбейді", - деді компания өкілі Кайен Дрэнс жаңа өнім туралы.

Оның айтуынша, жаңа өнім бес түсте шығарылады, ал құрылғының дисплейі 28 пайызға жарық болады.

Жаңа айфонның сыртқы сұлбасына бірқатар өзгерістер енгізіліпті, енді экран айналасындағы кеңістік біршама азайған. Бұған қоса, смартфонға A15 Bionic чипі орналастырылған. Ұйым өкілдерінің сөзіне сенсек, бұл чип құрылғының тез жұмыс істеуіне септігін тигізбек. 

iPhone 13-тің жадының сыйымдылығы бір террабайтқа (pro нұсқаларында) дейін жетпек. Сонымен қатар, смартфон 5G байланыс жүйесінде жұмыс істей алады. Өндірушілер телефонның қуаты ұзаққа сақталады деп сендіреді. 

Компания өкілінің айтуынша, iWatch Series 7 сағаты берік және шаңға төзімді болады, сонымен қатар торлы дисплейге ие. Сағат батареясы 18 сағат жұмыс істеуге жарамды. Жаңа заттың бағасы - 399 доллар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.