{metadescription}
СҚО-да велосипед мінген қызды КамАЗ басып кетті

СҚО-да велосипед мінген қызды КамАЗ басып кетті

Петропавлдың іргесіндегі ауылда КамАЗ жүк көлігі велосипед мінген баланы қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы 14 қыркүйекте таңертең Петропавл – Жезқазған тас жолының 953-ші шақырымында болды, деп хабарлайды zakon.kz. СҚО ПД хабарлағандай, 12 жастағы велосипедші жүк көлігінің дөңгелегінің астында қалған. Оқиға орнына Қызылжар аудандық ПБ-нің жедел-тергеу тобы аттанды. КамАЗ рөлінде болған 31 жастағы жүргізушінің Петропавл қаласына қарай бара жатқаны анықталды. Сол бағытта велосипед мінген бір топ бала "Газель" көлігінің сүйемелдеуімен әуежайдан келе жатқан.

"Жол апатының салдарынан жасөспірім қыз оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы бойынша қаралады", - делінген хабарламада.

Қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша апаттың мән-жайы анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.