Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шолпан Каринова білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Білім және ғылым бірінші вице-министрі болып Шолпан Каринова тағайындалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
12:37 15.09.2021
Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастады. 1998-1999 жылдары - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1999-2000 жылдары - орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
2000-2002 жылдары - директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 2002-2003 жылдары Көкшетау медициналық колледжінде оқытушылық және аударма қызметімен айналысқан.
2003-2004 жылдары СҚО Тайынша ауданы Білім және спорт бөлімінің әдіскері; оқу жұмысы бойынша бөлімше басшысының міндетін атқарушы, 2004-2005 жылдары - СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры болды.
2005-2008 жылдары СҚО Тайынша ауданының Білім бөлімінде басшылық лауазымдарды атқарды. 2008-2009 жылдары - СҚО Тайынша қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
2009-2012 жылдары - СҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары, Петропавл қаласы. 2012-2013 жылдары - Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.
2013-2017 жылдары - СҚО Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы, Петропавл қаласы. 2017-2018 жылдары - ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.
2018-2019 жылдары - Астана қаласындағы "Назарбаев зияткерлік мектептері" Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары.
2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram