{metadescription}
Алексей Цой тұмаудың екпесін салдырды

Алексей Цой тұмаудың екпесін салдырды

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды.

Ведомство басшысы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№6 қалалық емханасы" ШЖҚ МКК барып, ресейлік "Гриппол+" вакцинасын салдырды.

"Жыл сайынғы кезекті тұмаудың екпесін салдырдым. Былтыр екпеден кейін суық тиіп ауырған жоқпын. Бүгін Қазақстанда жыл сайынғы тұмауға қарсы вакциналау науқаны басталды. Барлықтарыңызға саулық тілеймін!", - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, биыл вакциналау науқаны қарсаңында бюджет есебінен Ресейде шығарылған "Гриппол+" вакцинасының 2,5 млн дозасы сатып алынды. Сондай-ақ, Санофи-Пастер (Франция) өндірген "Ваксигрип Тетра", Инфлювак (Нидерланд) мен Синовак Биотек (Қытай) компаниялары өндірген вакциналарды да алуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде