Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Cұлтан-Шымкент рейсінде жолаушы көз жұмды
Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшып шыққан ұшақ бортында бір жолаушы көз жұмды.
14:22 15.09.2021
QAZAQ AIR әуе компаниясының баспасөз қызметі ұшақ салонында әйел жолаушының қайтыс болғанын растады. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы рейсте болған.
«Ұшу кезінде салонның экипажы жолаушының науқас екені және шұғыл көмекке мұқтаж екені туралы ақпарат алды. Бортсерік жолаушы отырған орынға жақындағанда жолаушы ес-түссіз болған. Тексеру кезінде тамыр соғысы (пульс) мен тыныс алу белгілері болған жоқ. Ұшақтың командиріне мәлімет беріліп, жолаушылар көмекке шақырылды. Жолаушылар арасында болған дәрігер үндеуге құлақ асып, нұсқаулық бойынша бортсерікпен бірге жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді», - деп баяндайды оқиға туралы компания.
Әуе компанияның хабарлауынша, ұшақ командирі жақын маңдағы әуежайға шұғыл қону туралы қабылдайды.
«Экипаж әуе диспетчерлері арқылы жедел жәрдем шақырды. Жезқазған қаласының әуежайына келген дәрігерлер «өлім» туралы ресми хабарлады. QAZAQ AIR жолаушының отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады», - деп жазады QAZAQ AIR компаниясының баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram