{metadescription}
0:000:00

Таразда жүргізуші аялдамада тұрған адамдарды қақты, 2 адам қаза тапты

Тараздық жүргізуші таңертең аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті.

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов мәлім етті. Оқиға 15 қыркүйекте болған.

"Таразда Сейфуллин көшесімен Бауыржан Момышұлы көшесіне қарай келе жатқан көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болып, екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылған", - делінген хабарламада.

Факт бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Полицейлер Тараз қаласының 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде