{metadescription}
Қызылордадан елордаға шыққан жігіт хабарсыз кетті

Қызылордадан елордаға шыққан жігіт хабарсыз кетті

Қызылордалық полицейлер үш күннен бері хабарсыз еткен 25 жастағы ер азаматқа іздеу жариялады.

1996 жылдың 12 тамызында дүниеге келген Бегімбай Самат Болатұлы биылғы жылдың 12 қыркүйегінде мемлекеттік белгісі 996 ААС 11, сұр түсті «Субару Легаси» автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласына қарай жолға шыққан. Дегенмен межелі жерге осы уақытқа дейін жетпеген.

«Ерекше белгілеріне тоқталсақ, бойы 1.70-1.80 см, орта денелі, қара торы келген, көзі қара түсті, шашы қысқа. Киген киімдері: сұр түсті спорттық киім, аяғында ақ түсті кроссовка», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде