{metadescription}
Степногор тұрғыны дәмханада асқа шашалып көз жұмды

Степногор тұрғыны дәмханада асқа шашалып көз жұмды

Куәгерлер 103 нөміріне бір сағат ішінде 13 рет хабарласқан.

Алайда диспетчермен байланысу мүмкін болмады. Степногор қаласында ер адам тамаққа шашалып қалды. Жедел жәрдем болмағандықтан, куәгерлер өз көлігімен ауруханаға жеткізуге тырысқан. Алайда ер адам жолда көз жұмды. Бұл оқиға 19 қыркүйек күні Степногорскідегі қоғамдық тамақтану орындарының бірінде болған. Орын алған жағдай туралы @step_notsleep Instatgram парақшасында жарияланды.

"Ер адам асқа шашалып қалған, ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Жедел жәрдем емес, куәгердің жеке көлігінде көз жұмды. Өйткені 15 минут бойы жедел жәрдем қызметіне хабарласу мүмкін болмады. Дәмхана қызметкерлері де, келушілер де қоңырау шалды. Алайда нәтиже болмады", - деп жазды @step_notsleep жергілікті парақшасы.

Кейін телефон көтерген диспетчер қалада жедел жәрдем қызметінде тек бір ғана телефон желісі бар екенін айтты. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

"Сағат 19:58-де 102 нөмірінен қоңырау шалып, дәмханадағылар жедел жәрдемге хабарласа алмай жатқанын айтты. Диспетчер қоңырауды тіркеді. Өйткені 20:00-де ауруханадан хабарласып ер адамның денесі жеткізілгенін хабарлады", - делінген ақпаратта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.