Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жұма намазы енді мешіт ішінде оқылады
Қазақстанда карантин жеңілдетіледі, соған байланысты жұма намазын мешіт ішінде оқуға рұқсат беріліп отыр.
17:03 21.09.2021
27 қыркүйектен бастап жұма намазы мешіт ішінде оқылады. Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.
27 қыркүйектен бастап жұма намазы жабық орын-жайларда оқылады. Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы Ashyq-та "қауіпсіз" болуға тиіс. "Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 проценттен, "сары" аймақта 30%-тен, "қызыл" аймақта 20%-тен аспауы керек. Қазір жұма намазы мешіт ауласында оқылып жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram