{metadescription}
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды.

Қазақстандық боксшының кезекті қарсыласы - франциялық боксшы Хассан Ндам Нджикаммен (38-5, 21 КО). Кездесу 5 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Айта кетсек, Хассан Ндам Нджикам WBA және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы.

Франциялық спортшы соңғы жекпе-жегін шілде айында венгриялық боксшы Габор Горбичке (26-21-2, 16 КО) қарсы өткізген. Нджикам қарсыласын ұпай саны бойынша жеңген. Ал Жәнібек Әлімханұлы маусым айында шаршы алаңға шығып, америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) сегізінші раунда жеңген болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.