Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына барды
Мемлекет басшысы өндіріс нысанының инфрақұрылымын аралап көріп, кен байыту фабрикасының жұмысын ресми түрде бастауға рұқсат береді.
14:59 01.10.2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Сапардың мақсаты – Ақтоғай кен байыту кешенін кеңейту жөніндегі жобаның қорытындыларымен танысу. Мемлекет басшысы өндіріс нысанының инфрақұрылымын аралап көріп, кәсіпорын базасында ашылған екінші кен байыту фабрикасының жұмысын ресми түрде бастауға рұқсат береді", - деп жазды Берік Уәли.
Бұған дейін Қазақстан президенті Ресей басшысы Владимир Путинмен бірге өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Форум қорытындысы туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram