Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда педофилияға күдікті азамат тергеушіге пара бермек болған
Орал қалалық соты кәмелеттік жасқа толмаған балаларды азғыру бойынша тергеуде жүрген 52 жастағы азаматтың жауапкершіліктен жалтару үшін тергеушіге пара беруіне байланысты үкім шығарды.
18:49 01.10.2021
Қылмыстық іс материалдарынан анықталғандай, ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Зачаган полиция бөлімінде кәмелетке толмаған балаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Оралдағы мектептердің бірінде электрик болып жұмыс істейтін азамат.
"8 шілде күні сотталушы өз ісіне жауап беретін тергеушінің телефон нөмірін біліп алған. Ол тергеу нәтижесіне көмектесу үшін телефон нөмірі арқылы оның банктік шотына ақша аударуға ұйғарған. Тергеушінің хабарынсыз, ер адам оған 50 мың теңге салып жіберген. Алайда, әйел пара алудан бас тартып, өзінің күзет бөліміне жүгінген", - делінген қылмыстық істің материалында.
Бұл факт құжатқа қосылып, күдіктінің үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды, деп жазады stan.kz. Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін жеткізді. Сот үкімімен ол заң қызметкеріне пара беруде айыпты деп танылды. Оған 562 мың теңге айыппұл салынып және ол оны бір ай ішінде төлеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған қарсы шағым түсіруге болады.
Ал кәмелетке толмаған балаларға қатысты қылмыстық факті бойынша, Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі қылмыстық істің сотқа жіберілгенін мәлімдеді. Күдікті қазір қамауда отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram