{metadescription}
Атырауда полиция көлігі өртеніп кетті
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 1 қазанда сағат 18:30 шамасында болған.
09:09 02.10.2021
«Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында «Nissan Almera» қызметтік көлігінен өрт шықты. Өрт көліктегі электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған. Қазір полиция қызметкерлері өрттің шығу себебін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр» - деді департаменттің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!