Арзан бағаға үй алмақ болған өскемендік 9 млн теңгесінен айырылды
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 47 жастағы қала тұрғыны тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.
10:46 02.10.2021
Оның айтуынша, өзін әңгімеге тартқан танысы пәтер мен көлікті төмен бағамен сатып алуға көмектесетіндігіне сендірді. Бұған алданған азамат 9 500 000 теңгесін бере салған. Алайда ақша қолына тиген соң алаяқ мүлде хабар-ошарсыз кетті.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 45 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес (ірі көлемде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!