Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада иісшіл ит жоғалып кеткен 16 жастағы қызды тауып алды
Сағат 01:24-те елорданың 42 жастағы тұрғыны өзінің 16 жастағы қызы үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын айтып, полицияға жүгінген.
13:23 02.10.2021
Қызды іздеуге полицияның жеке құрамы, сондай-ақ «Феликс» есімді арнайы үйретілген қызметтік иті бар кинологиялық қызмет қызметкері жұмылдырылған. Ит санаулы минуттарда қыздың ізін тауып, бірнеше үйді аралап, бойжеткен мен жігіт бірге тұрған көлікке алып келді. Табылған қыз анасына тапсырылды.
Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы профилактикалық есепке алды. Ата-аналармен әңгіме жүргізілді. Анықталғандай, ол бұрын да үйден кетіп, бірақ ұзақ уақыттан кейін оралған. Қызметтік иттің арқасында жасөспірім аз уақыттың ішінде табылды.
Айта кету керек, «Феликс» атты ит жақында қызметке кірген. Осы жылдың қыркүйек айының басында полиция иті балалар аттракциондарының жанында жоғалып кеткен екі жасар баланы тауып алған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram