Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде сүйіктісімен сөзге келіп қалған жігіт көпірден секіріп кеткен
Өскемен қаласында полиция қызметкерлері көпірден суға секірген ер адамды құтқарып қалды.
09:25 03.10.2021
1 қазанда сағат 22.50 шамасында полицияға Үлбі көпірінде ер адамның секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына тәртіп сақшылары Бекарыс Абдолданов, Азат Артамбаев пен Дидар Болатбаев шұғыл келіп жетті.
«Полицейлер жігітті әңгімеге тартып, теріс қадамға бармауға шақырды. Сол кезде көпірдің астына криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ерік Ерсаинов пен Аян Сембаев келіп жетті. Кенет сөзге құлақ аспаған азамат көпірден секіріп, суға құлады. Бұны көрген Ерік лезде киімін шешіп, құтқаруға ұмтылған. Көп ұзамай оны ұстап алып жағаға жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
23 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді. Соңынан белгілі болғандай, оның мұндай қадамға баруына сүйіктісімен ренжісіп қалуы себеп болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram