Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Екібастұзда 17 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті
Зардап шеккен ер адам жабық бас сүйек-ми жарақатын алған.
09:01 04.10.2021
Сонымен қатар бірнеше сүйегі сынған. Екібастұзда кәмелетке толмаған жүргізуші көшені "зебра" арқылы кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты кеншілер қаласында Беркімбаев көшесінде болған. 34 жастағы жаяу жүргінші Екібастұз ауруханасына жеткізілді.
Зардап шеккен адам жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Сонымен қатар II дәрежелі травматикалық шок, жабық кеуде жарақаты, екі қабырғаның жабық сынуы және сол жақ бұғана диафизінің жабық сынуы диагнозы қойылған.
"2004 жылы туған кәмелетке толмаған жүргізуші Volkswagen Passat автокөлігімен 1987 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолды кесіп өткен", - деп хабарлады облыстың полиция департаменті.
Аталмыш фактіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram