Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында жүк көлігі 81 жастағы кейуананы қағып өлтірді
Алматы облысының Байсерке кентінде 81 жастағы кейуананы көлік қағып өлтірді.
11:07 04.10.2021
Жол-көлік оқиғасы орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған. Алматы облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 2 қазан күні 10:05 шамасында Іле ауданында болғанын хабарлады.
«Iveko Magirus» маркалы көліктің 38 жастағы жүргізушісі Байсерке кентінің Школьная көшесімен келе жатып, белгіленбеген орында жолдан өтіп бара жатқан 81 жастағы әйелді қағып кеткен. Кейуана оқиға орнында көз жұмды.
«ЖКО фактісі ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, Іле АПБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram