{metadescription}
ШҚО-дағы жол апатында ер адам көлікке қыстырылып қалған

ШҚО-дағы жол апатында ер адам көлікке қыстырылып қалған

Шығыс Қазақстан облысында жол апатында көлікке қыстырылып қалған ер адамға құтқарушылар көмекке келді.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Үржар ауданындағы «Мақаншы-Келдімұрат» тасжолының 10-шы шақырымында болған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Mitsubishi Space Wagon» және «Lada Priora» маркалы автокөліктер соқтығысты. Соның салдарынан «Mitsubishi» көлігінің жүргізушісі темірге қыстырылып, шыға алмай қалған. Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар келіп жетті.

«№54 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері екі автоцистернаның көмегімен көлік шанағын созып, 1978 жылғы ер адамды шығарып алды. Зардап шегуші бірден жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген ақпаратта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде