Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қар, көктайғақ, тұман: 5-7 қазан аралығында елімізде күн одан сайын суытады
«Қазгидромет» РМК мамандары 5-7 қазан аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады.
13:18 04.10.2021
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынның алдын алуға және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік- батыс антициклонның ықпалында болады. Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа райы циклонға байланысты болады.
Сондықтан мұнда жаңбыр мен қар жауады. 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Жауын-шашынмен бірге тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі.
Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы - 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта - 5-10 аязға дейін, шығыста - 3-11 аязға дейін төмендейді. Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram