Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістан қаласында жүк көлігі бірден 3 жеңіл көлікті барып соқты
Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
15:44 04.10.2021
3 қазан күні Түркістан қаласында бірнеше автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты орнына бірден тәртіп сақшылары шықты.
Полицейлердің анықтауынша Түркістан қаласы Отырар мөлтекауданы мен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолында «Камаз» маркалы жүк көлігі мен «Toyota-camry», «RAVON» «Daewoo Nexia» маркалы көліктері соқтығысып, апат болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жансақтау бөліміне жатқызылған.
Аталған жайт бойынша «Камаз» маркалы жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көліктерге материалдық шығын келгенімен, қаза болғандар жоқ. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа мән-жайы тергеу барысында анықталады. Бүгінде тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram