Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда үздік мемлекеттік мектептер рейтингі жарияланды
Білім беру мекемелері үздік және жақсы оқитын оқушылар саны арқылы бағаланды.
16:30 04.10.2021
Сондай-ақ оқушылардың олимпиадаларға қатысуы да назарға алынды. Алматының білім басқармасы 2020 жылы үздік нәтиже көрсеткен мемлекеттік мектептер рейтингісін жариялады. Білім беру мекемелері үздік және жақсы оқитын оқушылар саны арқылы бағаланды. Сондай-ақ оқушылардың олимпиадаларға қатысуы да назарға алынды.
32 мектеп жұмыс істейтін Әуезов ауданы 97,74% нәтижемен қалалық рейтингінің бірінші орнына жайғасты. Екінші орында – Алмалы ауданы: 29 мектеп бар бұл ауданның нәтижесі 90,31%. Үздік үштікті 87,26% нәтижемен Түрксіб ауданы тұйықтап тұр, деп жазады sputnik.
Наурызбай ауданы қалалық мектептер рейтингісінде төртінші орында тұр. Аудандағы тоғыз мектепте 16 мыңға жуық бала оқиды. Мұнда әрбір үшінші оқушы үздік, оқушылардың 40%-тен астамы жақсы оқитындар екені және 2020 жылы 340 оқушы олимпиадаға қатысқаны белгілі болды.
Орташа оқу мекемелерінің ішінде Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназия бірінші орында тұр. Мектеп рейтингі туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram