Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтаудағы төбелес желіні шулатты
Әлеуметтік желіде Ақтаудағы жол бойындағы жаппай төбелестің видеосы тарап кетті.
09:36 05.10.2021
Видеода бірнеше ер адам күрекпен және таяқпен жерде жатқан екі азаматты ұрғаны жазылып қалған. Оқиға тас жолда болған. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2021 жылдың 4 қазанында, сағат 16:30 шамасында Ақтау қалалық ІІБ 102 полиция бөлімінің диспетчерлік пунктіне тұрғындардың топтық төбелес болып жатқандығы туралы қоңырау түскенін хабарлады.
"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Жанжалға қатысушылар ұсталып, Ақтау қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Жанжал тұрмыстық жағдайда, алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін болғаны анықталды", – дейді полиция.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293 -бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалғандығы хабарланды. Тергеу жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram