Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Facebook, Instagram және WhatsApp неге істен шықты
Компания әлеуметтік желілер істен шыққан кезде пайдаланушылардың жеке деректері бұзылмағанын айтып отыр.
10:38 05.10.2021
Facebook магистралды бағдарлауыштарының конфигурациясы өзгерді. Осыған байланысты желі істен шыққан. Бұл туралы компанияның инженерлер тобы хабарлады.
"Инженерлер тобы біздің дерек орталықтары арасындағы желілік трафикті үйлестіруге жауап беретін негізгі бағдарлауыштар конфигурациясына өзгеріс енгізді. Сондықтан байланыс үзілді. Желі трафигінің істен шығуы біздің дерек орталығымыздың жұмысына әсер етіп, қызмет жұмысын тоқтатты", - делінген Facebook инженерлерінің сайтында.
Сондай-ақ компания желілер уақытша істен шыққан кезде Facebook, Instagram және WhatsApp қолданушыларының жеке дерегі ашылмағанын айтты. Бұған дейін Privacy Affairs интернет-басылымы әлеуметтік желілердің уақытша істен шығуы кезінде Facebook-тің 1,5 миллиард пайдаланушысының дерегі қара нарықта сатылымға қойылғанын хабарлады.
Расталмаған мәліметтерге сәйкес, бұл әлеуметтік желі қолданушыларының есімі, мекенжайы мен телефон нөмірлеріне қатысты.
"Бізде желідегі ақау кезінде пайдаланушылардың дерегіне қауіп төнгені туралы дәлел жоқ", - делінген Facebook сайтында.
Facebook, Instagram, WhatsApp және компанияның басқа да қосымшалары 4 қазанда жеті сағатқа жуық жұмыс істемеді.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram