Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шығыс Қазақстанда полицей 22 жастағы жігітті қағып өлтірді
Алдын ала мәлімет бойынша 22 жастағы жігіт достарымен бірге келе жатқан көлігінен жарылған доңғалақты ауыстыру үшін түскен.
11:03 05.10.2021
Осы кезде оны өтіп бара жатқан Lada көлігі қағып кеткен. Оқиға 2 қазанға қараған түні Өскемен-Семей тасжолының 25-ші шақырымында болған. Зардап шеккен ер адам алған жарақатынан көз жұмды. Қазақстанда WhatsApp және Instagram не үшін істемей қалғаны анықталды
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Lada автокөлігінің рөлінде полиция қызметкері болған. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Видеотіркеуіштердің жазбалары алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.
Полиция жол апатынан кейін тәртіп сақшысы жұмыстан шығарылғанын атап өтті. Жас жігітті 4 қазанда ақтық сапарға шығарып салды.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram